30 тамыз - Конституция күні

Мемлекеттің басты құжаты

[smartslider3 slider=3860]

 

Егеменді еліміздің алдыңғы орындағы мемлекеттердің қатарына қосылуына қызмет ететін болашақ ұрпақты әлемдік деңгейде білім беру, білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазақстанның Конституциясында жазылғанындай, мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер – ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы, сауатты, Ата Заңға сай білім алуын бүгін қамтамасыз ету – мұғалімнің басты міндеті.

1995 жылдан бері алғаш рет биыл Президент Қасым-­Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізу туралы ұсыныс білдірді. Сөйтіп 5 маусымда Референдум нәтижесінде Конституцияға өзгерістер енгізілді. Бұл бастама – демократияландыру бағытын жалғастырып қана қоймай, елімізде «Жаңа Қазақстан» құрылысының басталып кеткенінің тағы бір айқын дәлелі. Реформа бойынша Конституцияның үштен бір бөлігіне, атап айтқанда, 33 бабына 56 өзгеріс пен толықтырулар енгізілді.

Конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұранысына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылмақ. Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың бәрі өзара байланысты және бір мақсатты көздейді. Осылайша, Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді.

Конституциядағы осы өзгерістер ел өмірінің барлық саласында тура жол сілтеп, кемелденудің алтын арқауына айналуына кепіл бола алады.

Арай МҰХАМЕТЖАНОВА,

Қошке Кемеңгерұлы атындағы №49 орта 

мектеп директоры

Тағыда

Пікір үстеу

Back to top button