ЖаңалықтарҚала тіршілігі

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Астана қаласының Демокра­тиялық күштердің «Қазақстан – 2050» аймақтық коалициясы қызметінің шеңберінде өзара әрекет ету туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ жиында аталған коалицияның жұмыс регламенті жасалып, 2017 жылдың жұмыс жоспары бекітілді.

dokumenty

Жиынға еліміздегі саяси пар­тиялардың қалалық филиалдары мен қоғамдық бірлестіктердің өкіл­дері қатысты. Олар­дың ішінде «Нұр Отан» партиясынан бас­тап «Ақ жол», «Ауыл» «Бірлік» және Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының қалалық филиалдары бар.
«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеевтің айтуынша, биылғы жылы коалиция ауқымды жұмыс атқарған. Сондай-ақ ол коалицияны алдағы уақытта бұдан да ауқымды істер күтіп тұрғанын атап өтті.
Астана қаласының демократиялық күштерінің «Қазақстан – 2050» ай­мақтық коалициясы 2011 жылы өт­кен кезектен тыс президент сайлауында Н.Назарбаевты қолдау үшін құрылған болатын. Міне, содан бері коалиция еліміздегі ең ірі саяси ұйым ретінде жұмыс жасап келе жатыр.

Серік ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button