Жаңалықтар

Меморандумға қол қойылды

Кеше «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы мен қалалық «Ардагерлер ұйымы» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ардагерлер мен жас ұрпақтың арасындағы сабақтастық дәстүрді жетілдіру мақсатында жасалған меморандумда Ұлы Отан соғысының майдангерлері мен оларға теңестірілген азаматтардың өнегелі өмірін насихаттау арқылы отандық патриотизмді дамытудың жолдары айқындалған. Сонымен қатар мемлекеттік шараларға ардагерлер қауымы мен жастардың белсенді қатысуы мен үлес қосуы жөнінде де айтылған.

«Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Жаңабергенов пен қалалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бекен Әлімжанов ынтымақтастық туралы меморандум  өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button