Ел тынысы

Меморандумға қол қойылды

Астаналық және бірқатар өңірдің мәслихаттары географиялық орналасуына қарамастан бір-біріне жақындай түседі.

Жақында жергілікті өкілетті органдардың 30 жылдық тарихында алғаш рет Астана қаласының мәслихаты мен Павлодар облысының мәслихаты арасында меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Астана мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов мәлім етті.

«Құжат инновациялық жобаларды бірлесіп іске асыруды, тәжірибе, ақпарат алмасуды, тиісті аумақтарда өз құзыреті шеңберінде ұсыныстар енгізуді және қарауды көздейді. Алда Шығыс Қазақстан облысының мәслихатымен меморандумға қол қоямыз» деп жазды бұл туралы Е.Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button