Жаңалықтар

МЕН – БАҚЫТТЫ БАЛАМЫН

и внутреннее положение основных государств — участников войны на Тихом океане, в Восточной и Юго-Восточной Азии к началу 1945 г.

Мен бейбіт заманда дүниеге келдім. Бұл өміріміз үшін Ұлы Отан соғысының майдангерлеріне қарыздармыз.

Күнде телеарналарда «Ұлы жеңіске – 70 жыл» деп жазып, қанша күн қалғанын көрсетіп отырады. Онда соғыс жа-йында, батыр аталарымыз туралы айтады. Жеңіске жету үшін қандай ауыр күндерді бастарынан өткергендерін көрсетеді. Көріп отырып, өз атам ойыма оралады.

Менің атам да Ұлы Отан соғысына қатысқан. Атамның есімі – Әбдуәли. Жамбыл облысының Шу өңірінде туған. 1941 жылы майданға аттанып, 1943 жылы ауыр жараланып елге оралған екен. Елге келген соң еңбекке араласып, түрлі қызметтер атқарған. Елін қорғаған ардагердің ұрпағы болғаныма мақтанамын. Соғыс жылдарындағы жағдайды айтып, әжем күрсінеді. «Ой, құлыным! Енді соғыс болмасын, елге қайғы келмесін, сендер бақытты өмір сүріңдер!» деп әжем үнемі тілегін білдіріп отырады. Соғыстың қиындықтарын естісем, сол кездегі балаларды ойлап, өзім тыныш заманда өмір сүріп жатқаныма қуанамын.

Нұрдәулет ӘБДУӘЛИ,

Әлкей Марғұлан атындағы

№40 орта мектептің

1-сынып оқушысы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button