Қоғам

«Менің аулам!» экологиялық челленджі жалғасуда

Елордада өнер ұжымдары арасында бастау алған «Менің аулам!» отбасылық экологиялық челленджі жалғасып жатыр, деп хабарлады  astana-akshamy.kz.

Іс-шараның мақсаты – өз кезегінде ұжым ауланы таза ұстауға, отбасы мүшелерін ортақ бір іске жұмылдыруға, балалардың бойында қамқорлық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталды. Бастама балаларды еңбексүйгіштікке, туған жерін құрметтеуге баулуды, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруды және бірлікті нығайтуды мақсат етеді.

Челленджге Астана қаласының Мәдениет басқармасына қарасты мекемелердің мәдениет қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері қатысады. Челлендж барысында қызметкерлер отбасы мүшелерімен бірге үйінің ауласын қардан, қоқыстан тазалап, әлеуметтік желілерде эстафетаны басқа да әріптестеріне жолдайды.

Алғаш болып челленджді Әзірбайжан Мәмбетов атындағы драма және комедия театрының қызметкерлері бастады. Одан соң бастамаға басқа да мәдениет ұжымдары қолдау көрсетті.

«Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді түрде қатысып, «Менің аулам» челледжін қолдаған болатын. Іс-шара барысында қызметкерлер өз аймақтарын тазалап, балаларды еңбекке баулып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға үлес қосты. Балаларды жігерлендіру мақсатында оларға тәттілер ұсынылды. Филармония ұжымы бұл челленджді қолдайды және Қазақстанның көркеюіне әлі де атсалысатын болады», – деді Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның баспасөз хатшысы Аружан Самарқанова.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button