Жаңалықтар

Мердігерлерге тапсырма берілді

Жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үйдің инженерлік желілерін пайдалануға берудің кешігу себептері елордалық мәслихаттың көшпелі кеңесінде талқыланды.

[smartslider3 slider=2602]

Осы бағдарламаның аясында 2022 жылы қаламыздың жас тұрғындарына мыңға жуық пәтердің кілті беріледі. Ал 2019 жылы – 1050 пәтер, 2020 жылы 350 пәтер пайдалануға берілген болатын.

«Өткен жылы қаладағы мыңға жуық жұмыс істейтін жас­тарға мыңға жуық пәтер берілетіні туралы шешім шыққан еді. Алайда абаттандыру жұмыстарының толық аяқталмауына байланысты пәтерлерге әлі ешкім кірмеді. Мердігерлер бір апта ішінде бірқатар желілерді қосуға уәде берді, сонымен қатар Құрылыс басқармасы мен мердігерлерге іргелес аумақты абаттандыру жұмыстарын тез арада аяқтауға назар аударуды тапсырдық» деді Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button