Білім

МЕРЕЙІ ҮСТЕМ МЕКТЕП

Биыл елордадағы мемлекеттік тілде дарынды балаларға білім беретін №9 «Зерде» мектебінің ашылғанына 10 жыл толды. Талай талантты түлеп ұшырған алтын ұяның осы жылдар ішінде қол жеткізген жетістігі жайлы ауыз толтырып айтуға болады.

Еліміз бойынша «үздік 100 мектеп» қатарынан көрінген оқу ордасы жеткіншектерге жаратылыстану-математика бағдарындағы математика, физика пәндерін тереңдетіп оқытады. Бүгінгі таңда білім ошағында 320 оқушы оқиды. Балалардың дені – жоғарыда аталған пән бойынша түрлі олимпиадаларға қатысып, үздіктер қатарынан көрінгендер. Мектепте 50 мұғалім қызмет атқарады. Олардың қатарында екі ғылым кандидаты, екі ғылым магистрі бар. Білім беру саласының құрметті қызметкері деген мәртебелі атақты сегіз ұстаз иеленген.
Бүгінгі дейін мектептен 275 түлек түлеп ұшса, олардың 68-і «Алтын белгі» иегері атанған. Қазіргі күнде осы ұядан қанаттанған жастардың бірқатары Астанадағы Назарбаев университеті мен Мәскеу мемлекеттік универсиететінде және шетелдегі мойны озық жоғары оқу орындарында білім алуда.

ERM_1501
Осы он жыл аралығында №9 «Зерде» мектебінің оқушылары Астана қаласындағы білім беру мекемелері арасында Ұлттық бірыңғай тестілеуден үнемі жоғары балл жинап, алғашқы орында қара үздірмей келеді. Сондай-ақ, 2009 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ең үздік жаңашыл мектеп» атағына ие болды. 2014 жылы еліміз көлемінде ҰБТ-дан 116, 9 ұпай жинап, бірінші орынға көтерілді.
– Бүгін біз үшін үлкен қуанышты күн. Мектебіміздің 10 жылдығын атап өтіп отырмыз. Біздің білім беру мекемесі 2005 жылы дарынды балаларға арнап ашылған. Содан бері жемісті жұмыс істеп келеді. Рес­публика көлеміндегі үздік он мектептің қатарындамыз. Қала бойынша алдыңғы орындамыз. Ұлттық бірыңғай тестілеу бо­йынша үнемі жоғары көрсеткіш көрсетіп келеміз. Өткен жылы оқушылар 112 балл жинады. Жеткіншектер математиканы тереңдетіп оқиды.

ERM_1729
Осы бағыттағы сабақ бе­ре­тін ұстаздарымыз да мық­ты. Мысалы, Тердікбай Кү­шай деген мұғалім бүкіл рес­публикаға танымал. Бірнеше оқу әдістемелік құралдарын шығарған. Сол оқулықтармен елорда мектептері ғана емес, басқа да білім мекемелері оқытылуда. Ырысбек Мәуітті де ерекше айтқым келеді. Оның шәкірттері – республикалық білім бәйгелерінің жеңімпаздары. Таяуда Бақдәурен Нарбаев пен Серікболсын Мейрам деген екі оқушымыз халықаралық олимпиададан жүлдемен оралды. Ол да – үлкен мақтаныш. Былтырғы жылдан бастап ағылшын тілінде пәндерді оқытуды тәжірибеге енгіздік. Қысқасы, алдымызға қойған мақсат та, міндет те жетерлік, – дейді мектеп директоры Әлия Сексенова.
Он жыл ішінде ойдағыдай жетістікке жетіп, талай талантты баптап ұшырған білім ұясының алар асуы әлі де биік­тей бермек.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button