Ел тынысы

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды

Қазақстанда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы жариялады.

Байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған.

Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейін өңірлік комиссияларда қабылданады.

Байқау екі кезеңде өтеді:
1. аудандық (қалалық) кезең (15 маусымнан 1 шілдеге дейін).
2. облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) кезең (3 шілдеден 17 шілдеге дейін).

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы Қазақстанның барлық өңірлерінен танылған 20 үздік отбасыға беріледі.
Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.

Осы жылдар ішінде конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 20 мыңнан астам отбасы қатысты. Биыл қатысуға ниет білдіргендер өз өтінімдерін өңірлік комиссияларға жібере алады.

Толық ақпарат +7 (7172) 74-10-52, 74-01-62, +7 778 580 97 64 немесе Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында көрсетілген: https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/659906?lang=kk

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button