Басты ақпарат

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ

1

Елді есті ұрпақ қана гүлдендіреді.
Есті ұрпақ ошағы орнықты,
түтіні түзу, ынтымағы мен
ырысы үндескен отбасында ғана өсіп жетілетіні даусыз.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев:
«Отбасын нығайту және дәстүрлерді сақтау – мемлекеттілігімізді дамытудың кепілі.Сондықтан да біз отбасының мерейін барынша үстем ете беруіміз керек» деген еді. 

Президент Жарлығымен жыл сайынғы қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні болып белгіленген. Өткен жылы бұл мереке елімізде алғаш рет атап өтілді. Сонымен қатар, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауын ұйымдастыру қолға алынды.

Бұл байқау қаймағы бұзылмаған қалың қазақтың ішкі талабымен үндескен тәрізді. Өткен жылы, алғашқы байқаудың өзіне елімізде 1298 отбасы сол байқауға қатысып, барын салып бағыпты…
Отбасы құндылығын арттыру, жас ұрпақты биік азаматтық пен зор адамгершілікке баулу, елдегі отбасы институтын нығайтып, бірлік пен тірлікті берекелендіру мақсатын көздеген биліктің жаңа бастамасын қуана құптағаны еді бұл, расында.
Ізгі мақсатты көздеген сол игі бастама биыл да жалғасын тауып отыр. «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті өткен айда 2015 жылғы шараға қатысушы үміткерлердің құжаттарын қабылдады. Таланты мен табысымен, өнері мен өресімен өзгелерге үлгі болармыз-ау деген үкілі үмітпен жер-жерде азаматтар байқауға қатысуға құлшынды.
«Отанға сүйіспеншілік отбасынан басталады» деген екен Фрэнсис Бэкон.
Отын өшірмеуді, шырағын сөндірмеуді мұрат еткен жандар барда Қазақ елі бақыт мекеніне айнала берері сөзсіз.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button