Мәдениет

Мерейтой гастрольдері мәреге жетті

Кеше Астананың Алматы қаласындағы мәде­ни күндері басталды. Елорданың әртістері мен өнер ұжымдарының бас қаланың 20 жылдығына арналған ел өңірлеріндегі биылғы гастрольдік туры осы қалада түйінделеді.

Алматылықтар бір апта бойы Тәуелсіздік сарайының ұжымы дайындаған «Ақ тілекпен, Астана!» көрмесін, астаналық театрлар репертуарындағы үздік қойылымдарды, шығармашылық ұжымдарының концерттерін тамашалай алады.
Атап айтсақ, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры М.Әуезовтің «Қараш-қараш» әлеуметтік драмасын, У.Шекспирдің «Отелло» трагедиясын және А.Чеховтың «Шие» спектаклін ұсынады.
«Жастар» театры М.Левидің «Аспан мен жер арасында» мелодрамасын, Ж.П.Пило мен О.Шультездің «Моцарт» мюзиклін қояды. М.Горький атындағы Мемлекеттік академия­лық орыс драма театры Б.Жандарбековтің «Томирис – сақтар патшайымы» эпикалық драмасын, А.Пушкиннің «Евгений Онегин» қойылымдарын көрсетеді. Астананың Қуыршақтар театры Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне», «Байқа жолда, балақай» спектакльдерін ұсынады.
Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті «Ұлы дала әуендері» бағдарламасымен өнер көрсетеді. Астананың Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі «Елордадан елге сәлем» атты концерт қояды.
Республика сарайында өтетін гала-концертті аталмыш оркестр Құрманғазының «Сарыарқа» күйімен ашады. Онда «Шалқыма» халық биі ансамблі, эстрадалық би ансамблі, классикалық, филармонияның эстрадалық вокал және халық әні бөлімдері солистері өнер көрсетеді. Сондай-ақ, кешке Секен Тұрысбек, Алтынай Жорабаева, Тамара Асар, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Алмас Кішкенбаев, Маржан Арапбаева, Тұрсынбек Қабатов, Дос, Ринат Малцагов, «Арт домбыра» тобы, т.б. қатысады.
Тұрсынбек Қабатов «Әзіл әлемі» атты сатира кешін де өткізеді. Қайрат Баекенов пен «Формат» тобы ашық аспан астында концерт береді.
Астананың Алматы қаласындағы мәдени күндері 25 ­қыр­күйекке дейін жалғасады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button