Жаңалықтар

Мерейтойлық маркалар

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен БАӘ-нің құрылғанына 50 жыл толуына орай пошталық маркалар шығарылды.
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің пошта қызметтері «Естелік және мерейтойлық күндер» сериясымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл. Біріккен Араб Әмірліктерінің құрылғанына 50 жыл» тақырыбында маркалар шығарды. Айналымға енгізілген маркаларды еліміздегі пошта бөлімшелерінде немесе kazpost.kz сайтынан онлайн тәртіпте тапсырыс беріп алуға болады. Шығарылым бір-біріне жалғасқан екі маркадан тұрады. Әрбір пошта марка көлемі – 28 х 40 мм және номиналы 550 теңге. Таралымы – 20 мың дана. Маркаларды жасау кезінде ультракүлгін бояумен қорғау элементтері қолданылды. Олар лакпен және алтын фольгамен өрнектелген.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button