Мәдениет

Мереке аясында

Тәуелсіздік мерекесі аясында Астанада конкурдан қалалық чемпионат өтті. Іс-шараның ашылу салтанатына Астана қаласы Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының президенті Ерлан Каналимов, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев және «Арғымақ» ат-сауықтыру кешенінің директоры Аманжол Хасенов қатысты.

Қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Сәбитұлы Тәуелсіздік күніне арналған чемпионаттың ашылуымен құттықтап, конкурдан жарыс жыл басынан бері Астанада бесінші рет ұйымдастырылып жатқанын тілге тиек етті.

«Бұл – ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен ақжарма тілегі орындалып, үкілі үміті үстем болып, егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашқан күн. Сондықтан мереке біз үшін қасиетті де қастерлі. Бір жыл бұрын Республика күнінде қолданысқа берілген кешенде аймақтық, қалалық, республикалық деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылуда. Ал биылға конкурдан өтіп жатқан бұл бесінші жарыс» деді басқарма басшысы.

Жалпы бәсекеде бағы мен бабы келіскен 100-ге жуық шабандоз жарыс барысында әртүрлі биіктіктегі 6 бағыт бойынша жүлдені сарапқа салды. Осылайша, Астана қаласынан бөлек, Алматы қаласы, Алматы және Қарағанды облыстарынан спортшылар қатысқан жарыстың нәтижесі бойынша «Жас жылқылар» санаты бойынша (80 см): Виктория Котина – «Лайла» атты жылқымен,«Балалар» санаты бойынша (100 см): Амирa Қабжанова – «Шах» атты жылқымен, «Ашық класс» санаты бойынша (100 см, екі фазалық): Алишер Манар – «Гордый» атты жылқымен, «Ашық класс» Санаты бойынша (110 см): Олег Соколенко – «Клю Голд» атты жылқымен, «Ашық класс» санаты бойынша (120 см): ­Раиса Соколенко – «Балдинис Бой» атты жылқымен, «Ашық класс» санаты бойынша (130 см): Дайана Онаева – «Синдерелла» атты жылқымен жеңімпаз атанды. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 12 миллион теңге.

Шапағат ӘБДІР

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button