Қоғам

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгиромед» РМҚ алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Синоптиктердің болжамынша, Республиканың басым бөлігінің ауа-райын Скандинавия түбегінің аудандарынан циклон қалыптастырады, онымен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар, бұрқасын, 1-2 қаңтарда қатты екпінді жел, батыста, оңтүстік-батыста, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деи күтіледі.

31 желтоқсанда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанған. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі деп күтіледі.

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы: түнде батыста 5 градус аяз-5 градус жылы, күндіз 3 градус аяз -10 градус жылы, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде 2-13 градус аязға дейін, күндіз 7 градус аяз -2 градус жылы, шығыста түнде және күндіз 0-8 градус аязға дейін жоғарылауы күтілуде, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button