Ел тынысы

Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лардың наурыз айындағы жұмыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

8 наурызды мерекелеуге байланысты бұл күні Қазақстанда ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді. Наурыз мерекесінде, яғни 21-25 наурыз аралығында да орталықтар азаматтарды қабылдамайды. Дегенмен, кезекші орталықтар сенбіде, яғни 9 наурыз күні және 25 наурыз күні сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлаймыз, – делінген хабарламада.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 наурыздан бастап әдеттегі жұмыс режиміне оралады.

Естеріңізге сала кетсек, ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, кезекші орталықтар – жұмыс күндері 20.00-ге дейін, сенбі күндері 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Кезекші орталықтардың мекенжайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан, сондай-ақ, 1414 телефоны арқылы білуге болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button