Астана ауданы

Мереке мерейін асырды

Байқоңыр ауданы бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған мерекелік іс-шаралар өтті. Бағдарламада аниматорлармен интерактивті ойындар, балалар арасында футбол, карате және тоғызқұмалақ бойынша жарыс өтті.

[smartslider3 slider=1195]

Аниматорлардың қатысуымен балаларға арналған мерекелік бағдарламалар Кенесары көшесі, 51; Отырар көшесі, 10; Кравцов көшесі, 1; 1/1; Тараз көшесі, 2; 2а; Жұбанов көшесі, 29 мекенжайлары бойынша өткізілді.

Сонымен қатар «Өндіріс» тұрғын алабында Ақбидай-­Кемеңгерұлы көшелерінің қиылысында орналасқан «Ақбидай» гүлзарында аниматорлардың қатысуымен балаларға арналған ойын-сауық интерактивті бағдарламалары мен «Өндіріс» тұрғын алабының №49, №21, №23 және №34 орта мектептерінің 9-11-сынып оқушылары арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды.

«Кирпичный» тұрғын алабының тұрғындары үшін Чехоев көшесі мен Жолымбет көшесі қиылысындағы саябақта аниматорлардың қатысуымен ойын-сауық бағдарламасы дайындалды. Осы уақытта «Казгородок» тұрғын алабында «Замандас» аула клубында тоғызқұмалақтан турнир, ал «Шымыр» аула клубында каратеден жарыс өтті. Жазушылар аллеясында Байқоңыр ауданы мектептерінің оқушылары арасында спорттық жарыс ұйым­дастырылды. Көңілді старттар қатысушыларға күш-қуат және көптеген жағымды эмоция сыйлады. Сонымен қатар Жазушылар аллеясында орналасқан KitapQala ашық аспан астындағы кітапхана қызметкерлері барлық балаларға Тұңғыш Президент күніне орай кітап таратты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button