9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні

Мереке құрметіне – эстафета

Нұр-Сұлтан қаласындағы Demalys Promenade алаңында Отан қорғау­шылар күніне арналған жеңіл атлетикадан эстафета өтті. Оған 600-ге жуық жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен орта және жоғарғы студенттер қатысты.

[smartslider3 slider=2953]

Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаевтың дәстүрлі түрде өтетін бұл жарыстың қатысушылары жыл санап көбейіп жатқанын айтты.

«Барлығымыздың мерейі­мізді үстем ететін, еліміздің айбынын асқақтатар мерекелер – Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне арналған жеңіл атлетикалық эстафета жарысына 600-ге жуық жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен орта және жоғары студенттер қатысты. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан жарыстың жылдан-жылға мәртебесі артып, қатысушылар санының көбеюі өте жақсы жетістік» деді С.Жылқыбаев.

Мемлекет басшысы ­Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осы тұрғыда Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру, бірқатар бұқаралық спортты дамыту мақсатында, балалар жыл аясында осындай жарыстар ұйымдастырылды.

Эстафета қатысушылары 14 кезеңнен тұратын жалпы қашықтығы 5 335 м бағындырады. Айта кету керек, жарыс елордадағы Жеңіс даңғылы мен Бигелдинов көшесінің қиылысынан бастап  Әлия Молдағұлова көшесімен – Бейбітшілік көшесінен – Отырар көшесіне дейін жүгіріп өтті.

Жарыста жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар медальдармен, командалық кубоктармен және дипломдармен марапатталды.

 

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button