2022 - Балалар жылы

Мерекедегі мерейлі сәттер

Нұр-Сұлтан қаласында елорданың кішкентай тұрғындары мен қонақтары үшін көптеген мәдени-танымдық іс-шара өтті.

[smartslider3 slider=3127]

Атап айтқанда, Триатлон саябағында 250-ден астам бала «Балалық шақтың аспаны» батпырауығын ұшырды. №59 мектеп-лицей базасында қуыршақтар көрмесі (ұлттық киімдегі қуыршақтар топтамасы) мен №65 балабақшада «Бал-бала» ойыншықтар мұражайы ұйымдастырылды. Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында дарынды балаларға арналған «Лучше всех» құрмет тақтасы ашылды.

Мерекеде «Күншуақ» асфальтқа сурет салу байқауы, «Қуыршақтар әлемі» қайырымдылық акция-көрмесі, «Балалар әлемі» балалар кітаптарының сатылым көрмесі өтті. Сондай-ақ Demalys Promenadе, «Жазушылар» алаңында, «Жерұйық», «Столичный» және «Арбат» саябақтарында мерекелік кейіпкерлер шеруі, интерактивті шеберлік сабақтары, ерекше спорттық жарыстар және көңілді аниматорлар өнер көрсететін мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылды. «Көктал» тұрғын алабы, «Өндіріс», «Күйгенжар», «Железнодорожный», «Мичурин» елді мекендерінде ойындар мен көңілді, қызықты квесттер мен қызықты семинарлар өтті.

Елордаға келген қонақ-балалар Ақорда резиденциясын, «Бәйтерек» монументін, Ұлттық музейді, сондай-ақ басқа да мәдени-ағарту нысандарына экскурсия жасады.

 Айзада Жайыққызы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button