Жаңалықтар

Мерекеге тарту – 23 миллион теңге

happy-8-marth

Астанада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 7 мың 700 адамға материалдық көмек көрсетіледі. Осыған орай, жергілікті қазына есебінен 23 миллионнан астам теңге бөлінбек. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлады.

Бірнеше жылдан бері жергілікті бюджет қаржысы есебінен 8 наурыз мерекесіне орай  «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медалімен марапатталған, кәмелетке толмаған 4 және одан артық бірге тұратын баласы бар көп балалы аналарға, тұрақты қызмет ететін Ардагерлер кеңесі комиссиясының мүшелеріне бір реттік материалдық көмек көрсетіледі. Барлығы 7 мың 700 адамды қамту жоспарланып отыр.

«ҚР мемлекеттік наградалары туралы» ҚР заңына сәйкес «Күміс алқа» медалі алты баланы дүниеге әкеліп, алтыншы бала бір жасқа толған соң және басқа балалар тірі болса беріледі. Ал жеті және одан көп баласы бар аналар соңғы бала бір жасқа толғаннан кейін «Алтын алқа» медалімен марапатталады.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button