Төртінші билік

Мерекелік көңіл-күй сыйлады

БАҚ қызметкерлері күніне орай «Elorda Aqparat» медиа-компаниясының ұжымы Зеренді мемлекеттік қорықшасына демалысқа барып қайтты.

[smartslider3 slider=3343]

 

Журналистердің кәсіби мерекесін атап өту мақсатында ұйымдастырылған бұл сапарда әріптестеріміз әртүрлі көңіл­ашар, ойын-­сауық шараларын өткізіп, ұжым мүшелеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады. Зеренді көлінің жағасындағы
«Зерен» шипажай-сауықтыру кешенінің жаратылыстық ортасы өте керемет. Жан-жағын жасыл орман мен көгілдір көлдер қоршап жатқан демалыс аймағының
табиғаты  ғажайып сұлу.  Туристерді таң қалдыратын Швейцария,
Түркия,  БАӘ-нің  шипажайларынан бірде-бір кем емес. Әріптестер күндіз орман арасында серуендеп, көлге шомылса, кеште сауық кеш өткізіп, көңіл көтерді.

«Elorda Aqparat» ЖШС елорданың маңызды БАҚ ұжымы саналады. Қарамағында «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» сынды екі қоғамдық-саяси газет, «elorda.info» сайты (екі тілде) жұмыс жасайтын бұл мекемеде қазір 60-тан астам адам жұмыс істейді.

Тағыда

Пікір үстеу

Back to top button