2022 - Балалар жылы

Мерекелік көңіл күй сыйлады

Нұр-Сұлтан қаласы әкім­дігінің №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы емделуші бүлдіршіндерге арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

[smartslider3 slider=3158]

– «Қалауын тапса, қар жанады» демекші, біз, дәрігерлер, мерейлі мерекеде қолдан келгенше бүлдіршіндерге мерекелік көңіл күй мен жылулық сезімін ұялатуға тырыстық. Бұл іс-шарамыз тек мереке қарсаңында ғана емес, бүгінге дейін түрлі уақытта ұйымдастырылып келеді, – деді аурухана директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Роза Өтегенова.

Балаларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдіргеннен кейін іс-шараға қатысушы бүлдіршіндер өлең оқып, олардың бейненұсқасы аурухананың әлеуметтік желілерінде жарияланды. Түрлі тақырыпта тақпақтарды жатқа айтқан кішкентайларға көрермен қауымның сүйіспеншілігі зор болды.

Сондай-ақ аталмыш емдеу мекемесінде «Денсаулық – балалар көзімен» тақырыбында сурет салу көрмесі ұйымдастырылды. Сол арқылы емделуші балалар «Денсаулықты қалай түсінесің?», «Дәрігер деген кім?», «Бақытты балалық шақ», «Мерекенің ерекшелігі қандай?» деген сұраққа жауабын қағаз бетіндегі сурет арқылы жеткізуге тырысты. «Денсаулық – балалар көзімен» тақтайшасына бүлдіршіндер салған суреттер ілініп, шарлармен безендірілді.

Шара барысында тек бүлдіршіндерге ғана емес, олардың аналарына да көңіл бөлді. Жас аналар бір-бірімен және дәрігерлермен сұрақ-жауап арқылы пайдалы ақпарат алды. Мереке күні аурухана ұжымы балаларды бейнеролик арқылы құттықтады. Онда қолдарына шар ұстаған қызметкерлер би арқылы жүректің бейнесін жасап, емделушілеріне деген құрметі мен сезімін білдірді.

Ақтолқын АМАНЖОЛ,

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button