Жаңалықтар

Мерекелік көңіл күй

Елорда әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығында Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара өтті.

[smartslider3 slider=2352]

Өмірлік қиын жағдайға тап болған аналарға моральдық қолдау көрсетіп, оларға сенімділік пен жан жылуын сыйлау мақсатында өткен шарада Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина мерекемен арнайы құттықтап, арнайы гүл шоқтарын табыс етті. Сонымен қатар орталық қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады.

Аталған орталық директоры Ғалихан Куканбеков те жүрекжарды лебізін білдіріп, қолдау көрсеткен демеушілерге алғысын айтты. Шара барысында нәзік жандар қойылым көрсетсе, балалары аналарына өз қолымен дайындаған сыйлықтарын тарту етті. Мерекелік концертті мазмұнды етіп өткізуге Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академия­лық филармониясы үлес қосты.

Әсия НҰРБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button