Жаңалықтар

МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТ

Қазанның алғашқы жексенбісі – ұстаздар күні. Білген, түйгенін балаға үйретуден жалықпайтын мұғалім қашанда қастерлі. Қазір қалада салтанатты шаралар ұйымдастырылып, мұғалімдерге құрмет көрсетіліп жатыр. Құрметті мамандық иесінің мәртебесін арттыруды мақсат тұтқан «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы да бұл шара­дан қалыс қалмады.

Мерейлі шара барысын­да «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Жаңабергенов балабақшалардың, орта және кәсіптік мектептердің, колледждердің бірқатар мұғалімдерін мерекелерімен құттықтады. Сонымен бірге, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасы, қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың атынан, пар­тия атынан бірқатар мұғалімдерге грамоталар мен алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтар табыс етті. «Көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық. Сіздердің еңбектеріңіз еліміздің жарқын болашағын қалыптастырады. Осындай қасиетті еңбектеріңізді әрі қарай табысты жалғастыра берулеріңізге тілектеспін», – деді Қайрат Жаңабергенов. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button