Жаңалықтар

Мерекелік мерей

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында елорда әкімдігінде мерейлі шара өтті. Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Астананың 20 жылдығына арналған мәдени-рухани іс-шараларға белсене қатысқан бір топ адамды марапаттады.

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов­тың алғыс хатын және кәдесыйлар алғандардың арасында әнші Жұлдыз Уәлихан, танымал эстрада әншілері Бауыржан Исаев, Асқар Жайлаубаев пен «Астана» радиосының жүргізушісі Сымбат Талғатқызы, «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі Назерке Нұртас, «Өрлеу» және «Z» тобының әншілері бар.
«Биыл 20 жылдықтың аясында еліміздің барлық өңірлерінде болдық. Сондағы ең басты байқағанымыз, ажарлы Астанамызбен бүкіл қазақстандықтар мақтанады. Бас қалада болып жатқан жаңалықтарды, ірі жобаларды өңірлерге таныстырдық. Жұрттың көбі елордада қалыптасқан жоғары сапалы өмір салтына, рухани жетістіктерге таң қалғанын жасырмады.
Сіздер елордамыздың 20 жылдығына арналған іс-шараларға белсене атсалыстыңыз­дар. Мәдени-рухани саланың дамуына үлес қостыңыздар. Осыған орай, Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов­тың атынан баршаңызға үл­кен алғыс айтамын» деді Ермек Аманшаев салтанатты рәсімде.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button