Жаңалықтар

Мерекелік монета

Қазақстан Ұлттық Банкі Táýelsiz qazaqstanga 30 jyl коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.

[smartslider3 slider=1499]

Монеталардың сатылымға шығатын күніне қатысты ақпарат ҚР ҰБ ресми сайтында қосымша жарияланады. Номиналдары 5 000 және 500 теңгелік күмістен және номиналы 100 теңгелік мельхиордан жасалған монеталар «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясын жалғастырады.

Táýelsiz qazaqstanga 30 jyl монеталарының дизайны біртуар тарихи тұлғалардың портреттік бейнелері орналастырылған тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы үлгідегі банкноттарының бірінші сериясымен символдық байланысын көрсетеді.

Монеталардың басты бетінде номиналы, ҚР ҰБ логотипі мен монетаның металын, сынамасын және массасын білдіретін жазу орналасқан. Айналдыра – Qazaqstan Respýblikasy • Republic of Kazakhstan жазуы бар.

Монеталардың екінші бетінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы, Қазақстан Республикасының картасы, портрет қатары, қазақ киіз үйінің декоры түрінде орындалған ою-өрнек таспасы және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің ресми логотипі көрініс тапқан.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button