Мәдениет

Мерекелік сайыс

Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы «Әзірет Сұлтан» мешітінің аумағында Құрбан айт мерекесіне орай жамағат арасында ұлттық ойын түрлерінен спорттық сайыстар ұйымдастырды.

[smartslider3 slider=3457]

 Мешіт аумағына жиналған қауым асық ату, арқан тартыс, қол күресі және гір тасын көтеру сынды спорт түрлерінен сынға түсті. Елдің көңілін көтерген сайыстарды тамашалаған жанкүйерлер де қатысушыларға қошеметін көрсете білді.

Спорттық сайыстардың қорытындысында жеңімпаз болғандар мен жүлдегер атанған азаматтардың бәріне ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді. Сондай-ақ жарыстан кейін мерекелік сынға түскен азаматтар киіз үйде арнайы жайылған дастарқаннан дәм татты. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған мешіт қызметкерлері жиналған қауымға баталарын беріп, ризашылықтарын білдірді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button