Жаңалықтар

МЕРЕКЕЛІК ЖЕҢІЛДІКТЕР ЖАСАЛАДЫ

aktsii_i_skidki

Астана қаласындағы 25 сауда орталығы Наурыз мейрамына орай тұтынушыларға түрлі жеңілдіктер қарастырып отыр.

Атап айтқанда, 22 наурыз күні «Әлем», «Әсем», «Евразия», «Астаналық», «Ажар», «Гүлжан», «Жаннұр» сауда орталықтарында, «Құлагер», «Шарын», «Керуен», «Мегастрой», «Сәлем», «Эталон», «Оң-Олжа», «Көк базар» және «BIG Шанхай» сауда орындарында, «Астана-Қамқор» ЖШС, «Шапағат» коммуналдық базары, «Феникс» сауда үйі, «Мегастрой Астана DIY» ЖШС, «Астықжан» сауда орталығы, «Анвар» супермаркеттер желісінде, «Рамстор Қазақстан» ЖШС, «Метро Cash&Carri» және барлық «Green» сауда желілерінде мерекелік жеңілдіктер ұйымдастырылады.

Бұл күні аталған сауда орындарында промо-акциялар, тағамдардан дәм татулар өткізіледі. Тұтынушыларға наурыз-көже, бауырсақ, палау, қымыз секілді ұлттық тағамдар ұсынылады. Сонымен қатар, ұлттық ойындардан сайыстар, спорт жарыстары, лотерея ойындары және концерттік бағдарламалар болады.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button