Денсаулық

Мерекемен құттықтады

Елорда дәрігерлері қала тұрғындарын тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Іргесі өткен ғасыр басында құрылған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты №1 көпбейінді қалалық аурухана – бүгінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін орталық. Ауруханада әлемнің ірі клиникаларында оқыған кәсіпқойлар командасы тәулік бойы еңбек етеді. «Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Оны бәріміз білеміз. Бұл – ата-бабаларымыздың сан жылдар бойғы арманы. Азаттыққа жету жолында олар жандарын пида етті. Сондықтан тәуелсіздік ұғымы бізге аса қастерлі. Барлықтарыңызға мереке құтты болсын! Отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» деді аталған аурухана бас дәрігерінің орынбасары Бақытжан Абдуллаев.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button