Мәдениет

Мергендер сайысы

Астана қаласының 70-тен астам мергені «Алатау» спорт кешенінде «Elorda sadaq atu» лигасының екінші кезеңінде өзара үздікті анықтады.

Жарысты тамашалауға Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев келіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ұйымдастырушылар садақшылар лигасы 6 кезеңнен тұратынын айтты. Яғни жыл көлемінде әр турда қатысушының жинаған ұпайына қарай үздіктерді анықтайды.

«Ең мықты деген 72 қатысушы өзінің санаты бойынша қатысуда. Яғни садақшылар жоғарғы лига (үздіктер), А лига, В лига, С лига бойынша бақ сынайды. Турлар екі айда бір өткізіледі. Әр лигаға 8 садақшы қатысады. Тур нәтижесінде алғашқы болған 3 садақшы алдыңғы лигаға өтіп (С-дан В-ға, В-дан А-ға, т. с. с.), соңғы болған 3 спортшы төменгі лигаға өтеді (А-дан В-ға)» деді «Elorda sadaq atu» дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Диас Ахметов.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button