Жаңалықтар

«МЕРСЕДЕСТЕН» МЫЛТЫҚ ШЫҚТЫ ОҒЫ БАР

мылтык

Астаналық полиция қызметкерлері тексеру бекетінде қалаға кіріп келе жатқан жолаушының көлігінен аңшы мылтығын тәркіледі.

15 қараша күні полиция қызметкерлері Қарағанды тас жолы бойындағы бекетте құжат тексеру мақсатында «Мерседес» маркалы автокөлікті тоқтатқан еді.

Тексеру барысында көлік салонынан 16 калибр­лі аңшы мылтығының бөлшектерін және жолаушы­лар­дың бірінен 5 оқ тапқан. Оның үстіне көліктің мем­лекеттік тіркеу нөмірі де жалған екен.

Сонымен қатар, ұсталған азаматтың бұрын қылмыстық іске қатысы болғандығы да анықталған. Ол бұзақылығы мен суық қару сақтағаны үшін істі болған екен.

Қазіргі уақытта ол уақытша қамау изоляторында тергеліп жатыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button