Sport

МЕСЕЛІМІЗДІ ҚАЙТАРА АЛМАС «МАРИБОР»

300_14c5ceb8bde5eb30e91bd048d20e3067

Футболдан Еуропаның ең дүбірлі додасы УЕФА чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астана» клубы сырт алаңда словениялық «Марибор» командасымен кездесіп, 0:1 есебімен есе жіберді.

«Людски врт» стадионында өткен кездесу алғашқы минуттардан-ақ тартысты бас­талды. Алаң иелері 5-минутта бұрыштамадан көтерілген доп­ты қонақтардың қақпасына дәл бағыттады. Нәтижесінде мариборлық Марко Шулер баспен салынған голдың авторы атанды. Жылдам гол астаналықтардың қарқынын тежей алмады. Сырт алаңда барын салып ойнаған астаналықтарға сәттілік жетіспеді деуге әбден болады. Өйткені есеп теңестіретін қаншама соққылар болды, алайда, қақпадан сәл қиыс кетіп жатты.
Матчтың басты фавориті саналған «Мариборға» қарсы қонақта «Астана» командасы жақсы ойын көрсетті. Мұнымен жерлестеріміздің меселі қайтты деп айта алмаймыз. Себебі, қарымта матч өз жерімізде өтеді. Ойын – 22 шілде күні сағат 20.00-де «Астана Арена» стадионында. Елорда командасының есе қайтаруына дем беріп, қолдау көрсетейік, жанкүйерлер!
Айтпақшы, Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде ойнап жатқан алматылық «Қайрат» бірінші айналымда сербиялық «Црвена звезда» клубын жалпы есепте 4:1 нәтижесімен жеңіп, ары қарай бір қадам жасады. Келесі алар асуы – армениялық «Алашкерт». Алғашқы кездесу 16 шілде күні басталады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button