Елорда тынысы

Мешітте – балалар алаңы

Астана қаласындағы бас мешітте арнайы жабдықталған балалар алаңы ашылды.

Ойын алаңы мешітке үлкендермен еріп келетін кішкентай балаларды уақытша ойната тұруға арналған. Мұндағы ойын құрылғылары, түрлі ойыншықтар балаларды қызық­тырмай қоймайтыны анық.

«Балаларымыздың білім алуына барлық мүмкіндік бар. Мешіттеріміз, ағартушы имам-ұстаздарымыз бала бойында, заманауи біліммен бірге, рухани ілімді де қалыптастыру үшін қызмет жасауда. Соның бір айғағы деп бас мешітімізде ашылған «Дін мен дәстүр» орталығын, балалардың ойын алаңын айтуға болады. Балалық шақтан бастап мешіт тәрбиесін алған баланың иманды, еліне жанашыр азамат болатыны айқын. Сондықтан баршаңызды балалардың рухани тәрбиесіне көңіл бөлуге шақырамыз» деді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы балалар алаңының ашылу рәсімінде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button