Басты ақпаратИмантаразы

Мешіттердің сүрілуі мүмкін емес

Соңғы күндері БАҚ беттерінде «Қазақстанда биылғы жылдың сәуірінде діни ғимараттардың құрылысын регламенттейтін жаңа нормалар қабылданды. Енді мектептен 300 метр аумақта орналасқан барлық мешіт сүріледі» деген ақпарат тарады. Мәселенің мән-жайы туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының найб-муфтиі Бауыржан Есмаханмен тілдескен едік.

– Бауыржан Әбдірашұлы, бүгінде ресми жұмыс істеп тұрған мешіттердің сүрілуі мүмкін бе? Жалпы елімізде қанша мешіт бар?
– Әрине, мүмкін емес. Себебі ол мешіттер салынған уақытта ресми рұқсатын алған, құжаттары толық болып табылады. Мәселе мешіт немесе діни ғибадат үйін алдағы уақытта салуға қатысты болуы мүмкін. Кейбір азаматтарымыз ақпаратты біржақты қабылдаған. Мемлекеттік зайырлы жүйе – дінді мойындамайтын, дінге қарсы жұмыс істейтін жүйе емес. Осыны түсініп алайық. Қайта керісінше діни сенім бостандығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Біріншіден, барлық діни ұйымдар 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңы аясында жұмыс істейді. Еліміз бойынша 2012 жылы барлық діни бірлестіктер қайта тіркеуден өтті. Бүгінде Қазақстанда жалпы саны 18 конфессияны құрайтын 3693 діни ұйым заң аясында өз қыз­метін жүзгізіп отыр. Оның 2600-ден астамы мешіт. Бұл мешіттердің барлығы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни бірлестігінің филиалы ретінде тіркелген. Осы заң аясында діни бірлестік филиалдарының жер құжаттары, ғимарат құжаттары талаптарға сай, заңды болуы көзделеді. Осы негізде көптеген мешіттер мемлекеттік жер актісі мен ғимаратының құжаттарын толыққанды рәсімдеуді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2014 жылдан бастап қолға алған. Себебі 2014 жылдың 30 маусымында қабылданған №231-V-3 Заңға сәйкес, елімізде 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін мүлікті жария ету науқаны жарияланған болатын. Осы науқан барысын тиімді пайдаланып, мешіт құжаттарын реттеуге облыс, аудан, ауыл имамдары жаппай жұмылдырылды.
– Күні кеше әлеуметтік желіде кейбір мешіттердің құжаты жоқ екені айтылып қалды…
-Бүгінгі уақытқа дейін мешіттердің 90 пайызға жуығының құжаттары дұрыс деп есептейміз. Тек соңғы жылдары ашылған мешіттердің құжаттары енді рәсімделіп жатуы мүмкін. Тек мешіт салушы кісілер әуелі негізгі рұқсаттарды алғаннан кейін барып мешіт салса деген ниет. Ол үшін алдымен мешіт орналасқан жердің құжаты (мемлекеттік жер актісі), екінші мешіт ғимаратының пайдалануға жарамдылығын растайтын құжаты (техпаспорт) және соңғысы филиал ретінде тіркелгенін куәландыратын құжатын рәсімдеуі тиіс. Бұлай болмаған жағдайда діни ғибадат орындары заңсыз болып табылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button