#Жаңа Қазақстан

META-форум өткізді

Respublica партиясы МЕТА-форум өткізді. Форум барысында адами капиталдың маңыздылығы, Қазақстандағы креативті индустрияның дамуы, сондай-ақ елдің экономикалық әлеуетін арттырудағы IT саласының рөлі сияқты маңызды тақырыптар талқыланды.

Сондай-ақ форум алаңында ІТ-жобалардың көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда білім, агроөнеркәсіп, экология, жасанды интеллект және т.б салалардағы 10 стартап бар. Көрменің негізгі міндеттерінің қатарында IT өнімдерін танымал ету және оларға жастардың танымдық қызығушылығын арттыру міндеті бар.

Одан бөлек, өңірлерде кездесулер жалғасуда. Партиядан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат, сондай-ақ марафоншы, Alau.Pro жүгіру мектебінің негізін қалау­шы Айтуар Қошмамбетов халықпен кездесулерінің бірінде балалар мен бұқаралық спортты дамыту жолын айтты.

– Біз еліміздің барлық өңірінде балалар мен бұқаралық спортты дамыту инфрақұрылымын құруға, кәсіпқой клубтардың бюджетін қайта бөлуге көбірек көңіл аударуымыз керек. Бұл жүгіру, жаяу жүру, жекпе-жек, жүзу және т.б. бұқаралық спорт түрлерінің таралуын ынталандыруға мүмкіндік береді, – деді кандидат.

Respublica партиясының тең төрағасы Максим Барышев – экотәсілдерді жүзеге асырушылардың бірі. Алматыда еліміздегі ең алғашқы эко-кеңселердің бірін ашқан. Оның «Учет.kz» компаниясының кеңсесінде экологиялық технологияның барлық түрі қолданылады. Ол азаматтардың бойында экологиялық мәдениетті, экологиялық ойлауды қалыптастыру қажет деп есептейді.

– Жаңа сүзу технологияларын қолдана отырып, барлық жерде шығарындыларды азайтуға болады. Біз халықты электромобиль сатып алуға ынталандыруды ұсынамыз. Ол үшін, мәселен, қоғамдық автотұрақтарды тегін жасауға, қалалардағы және елді мекендер арасындағы зарядтау бекеттерінің санын көбейту керек, – деді Respublica партиясының тең төрағасы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button