Мәдениет

Металлургтермен бірге Абайдың әнін шырқады

10 сәуір күні «Астана Опера» театрының әртістері Ақтөбе ферроқорытпа зауытында болды. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында театр өнерпаздары өнеркәсіптік туристік маршрутпен жүріп, зауыттың өндірістік кезеңімен танысты, металл балқыту процесін өз көзімен көрді. Сол жерде металлургтермен бірге ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай ақынның «Көзімнің қарасы» әнін орындады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Сонымен қатар әртістер алғаш рет Хромтау қаласындағы Мәдени-демалыс орталығының сахнасында өнер көрсетті. Театрдың бас концертмейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Долорес Үмбетәлиеваның сүйемелдеуімен солистер «Түрлі дауыстар әлемі» атты концерттік бағдарлама ұсынды.

Ертең, 11 сәуір күні елордалық «Астана Опера» театры Ақтөбедегі «Өнер орталығы» концерт залында Қазақстанның халық әртісі Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен «Астана Опера» жұлдыздары» гала-операсын ұсынады. Бағдарламаға қазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармалары енеді. Сондай-ақ ең кішкентай көрермен үшін С. Прокофьевтің «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісі қойылады.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button