Қала мен Сала

Миб дегеніміз не?

Меншік иелерінің бірлестігі (МИБ) ақша қаражаттарының ашық жұмсалуы мен қызметтердің сапалы ұсынылуын қалайтын көппәтерлі тұрғын үйлерде құрылады. МИБ – Пәтер Иелерінің Кооперативі (ПИК) орнына үйді басқарудың жаңа түрі. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы бойынша қазақстандықтар үйді басқарудың заманауи нысанын – Мүлік иелерінің бірлестігін таңдай алады.

[smartslider3 slider=979]

Бүгінгі таңда «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 42-бабына сәйкес мүлік иелеріне кондоминиум нысанын басқарудың екі нысаны ұсынылады.

  • мүлік иелерінің бірлестігі;
  • жай серіктестік.

МИБ құрамы қандай?

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдағы жаңа түзетулер басқарудың сервистен бөлінуіне байланысты, мақсаттар мен міндеттерді ажыратуға мүмкіндік берді. МИБ өз штатына аула тазалаушыны, жинаушыны, сантехникті, электрикті, инженерді қабылдауға құқылы емес. МИБ меншік иелерінің немесе үй кеңесі мүшелерінің шешімі бойынша, сервистік және басқарушы компаниялармен шарт жасайтын заңды тұлға.

МИБ төрағасы – атқарушылық функция

Үйдің кеңесі – 3 адам және одан да көп басқарушылық функция

Ревизиялық комиссия – 3 адам және одан жоғары бақылау

Нұр-Сұлтан қаласындағы МИБ орталығы не береді?

МИБ орталығы меншік иелерінің барлық рәсімдерді дұрыс және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес жүргізуі үшін құралдарды ұсынады. МИБ орталығы кеңестер, жеке қабылдаулар өткізіп, құжаттарды дайындайды, жиналысқа арналған сұрақтарды құрастырады, ақпараттандыру құралдарын ұсына отырып қолтаңбаларды жинауға көмектеседі. Меншік иелері сіздердің үйлеріңіз – Сіздердің қолыңызда.

МИБ төрағасын қалай сайлау керек?

МИБ төрағасы – бұл, тұрғындармен тұрақты байланыста болатын адам. Бұл адам өз ісіне қызығуы тиіс. Үйді басқару жұмысында барлық меншік иелері әрдайым сыпайы, жұмсақ әрі ақ пейілді бола бермейді. Егер МИБ төрағасы әрдайым тіл табыса алмайтын болса, бұл үй ішіндегі шешімдерді қабылдауға зиянын тигізеді. МИБ төрағасының жұмыс нәтижелері бойынша меншік иелері қызмет ақысын уақтылы төлеу немесе төлемеу шешімін қабылдайды. Төраға әдепті, жауапкершілік дәрежесі мен өз міндеттерін түсінетін болуы керек. МИБ тіркеуден сәтті өту үшін, төрағаның салықтар, төленбеген айыппұлдар бойынша берешегі болмауы тиіс. Төраға – бұл, меншік иелерінің бекіткен мәселелер мен шешімдер бойынша процесс ұйымдастырушысы. Төраға мақсатқа жетуі, меншік иелерімен, сервистік басқарушылармен, үйдің кеңесімен, мемлекеттік органдармен байланыс орнатуы тиіс.

Тарифті қалай белгілеу керек?

Үйдің жалпы мүлкін күтіп ұстауға арналған тарифті үйге жұмсалатын нақты шығындардан ажыратқан дұрыс. Үйді басқару түрін таңдау кезінде, шығындар сметасын бірден жасау өте қиын. Сондықтан, меншік иелері ағымдағы тарифті белгілеп, үйді қабылдау және шығындар сметасын жасаудан кейін қайта қарастырады. Сондай-ақ үй бойынша болашақ шығындар бабы қарастырылған, күрделі жөндеу мақсаты үшін м2-ге 0,005 АЕК-ті құрайды.

МИБ-тегі есептілік

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы бойынша, МИБ төрағасы үйдің кеңесі алдында, ал үй кеңесі меншік иелері алдында ай сайын есеп беруі тиіс. Бұның барлығын қолмен, сонымен қатар үйге арналған мобильді қосымшаның сервисінде автоматты түрде шығаруға болады. Меншік иелері үйдің кірісі мен шығысын көреді – үйді басқару және күтім жасау туралы көбірек түсіне бастайды, құрылымы бойынша сұрақтарды көбірек қойып, өз ұсыныстарын енгізеді. Есептілігі ашық жерде меншік иелерінің сенімділік деңгейі де өседі және олар барлық түбіртектер бойынша уақытылы төлейді. Астананың МИБ орталығына келіңіз – біз Сіздерге көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруға көмектесеміз.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button