Мәслихат

МИГРАЦИЯ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

maxresdefault

Қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысында елорда аумағындағы миграция мәселесі кеңінен сөз болды.

Бүгінгі таңда Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Аталмыш басқарма басшысы Г.Дөненбаеваның айтуынша, соңғы бес жылда елордада тіркелген шетелдік азаматтардың қатары 500 мыңға көбейіп отыр. Олардың басым бөлігі бас қалаға сырттан жұмыс іздеп және тұрақты тұру үшін келетін ішкі мигранттар көрінеді.

– 2015 жылдың үш айында қалалық Көші-қон басқармасына 27 123 шетелдік азамат тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29 пайызға көп. Былтыр тіркелген шетелдіктердің саны – 19 325. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы Астанадағы бес халыққа қызмет көрсету орталығында көші-қон басқармасының қызметкерлері 29 мыңнан астам Қазақстан Республикасының азаматын тіркеуден өткізіп, 2 901 адамды тіркеуден шығарды, – деді Г.Дөненбаева.

Талқыланған мәселеге орай пікір білдірген халық қалаулылары астаналықтардың тұрақты тіркелген мекенжайы бойынша нақты тұруын бақылауды күшейту керектігін ескертті. Сонымен бірге депутаттар шетелдік жұмыс күшін пайдалану барысында жұмыс берушілерді заң талаптарын бұлжытпай орындауға шақырды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button