Ел тынысы

Міндетті әскери борышын өтеген астаналықтарды туыстары күтіп алды

Астанада запасқа шығарылған әскери қызметшілерді туған-туыстары салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Бүгін біз Қонаев қаласының 32363 десанттық-шабуылдау әскери бөлімінің мерзімді қызметтен босатылған сарбаздарын қарсы алып тұрмыз. Өткен жылы кіл үздіктер іріктеуден өтіп, осы бөлімге жолдама алған болатын. Олардың 17 900-ы – запастағы әскери қызметтен босатылғандар. Жігіттердің қызметті абыроймен атқарғанын айта кеткен жөн», – деді Астана қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі Ғани Артықов.

Сондай-ақ, көктемде 20 мыңнан астам адам әскерге шақырылып, осы жылдың наурыз-маусым айларында демобилизациялау жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

«Биыл көптеген жақсы адаммен таныстым. Ең алдымен офицерлер мен сержанттарға қызметі және жауынгерлік дайындықтары үшін алғыс білдіргім келеді. Мен 35-ші гвардиялық-шабуылдаушы бригадада қызмет еткенімді және ұшқыш білімім бар екенін мақтан тұтамын. Қызмет барысында көзқарасым мен құндылықтарым өзгерді. Енді оқуға түсіп, жұмыс істеп, отбасын құрғым келеді», – деді қатардағы жауынгер Ален Заиров.

Көптен күткен кездесуге туыстары мен достары дайындалып жатты. Қызмет еткен сарбаздың анасы қуанышымен бөлісті.

«Әуе-шабуылдау бригадасында қызмет еткен ұлымды қарсы алдым. Біз үшін ол қашанда кішкентай бала болып қала береді, бірақ ол қалыптасқан азамат. Мені тек ана болған адам ғана түсінеді. Ұлымды мақтан тұтамын. Еліміз аман, аспанымыз ашық болсын дегім келеді», – дейді елорда тұрғыны Гүлнар Зайырова.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button