Қоғам
Министр Астана тұрғындарымен кездеседі

2024 жылғы 21 желтоқсанда сағат 11.00-де ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша Астана қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Кездесу Астана қаласы, Astana IT University, Мәңгілік Ел даңғылы 55/11, EXPO бизнес-орталығы, С1 блок мекенжайы бойынша өтеді.
Кездесу өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылады.
Жеке қабылдауға жазылу 8 (7172) 74-19-42 нөмірі бойынша жүргізіледі. Ғылым және жоғары білім саласындағы өтініштерді r.asanova@sci.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.