Жаңалықтар

Министр мұғалімге айналды

Білім күнінде министрлер бірқатар мектептерді аралап, мұғалім ретінде сабақ жүргізді.

Мәселен, Үкімет басшысы­ның орынбасары – Қаржы ми­нистрі Әлихан Смайылов қаладағы №22 мектепке барып, «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты патриотизм сабағын өткізді. Ол сабақ барысында Үкіметтің қызметі және Қаржы министрлігіне жүктелген маңызды мәселелер туралы әңгімелеп берді. «Қазіргі уақытта сәттілікке жету үшін үнемі үйреніп, өзіңді-өзің жетілдіріп отыруың тиіс. Біз ойлауды және шешім қабылдауды, интеллектуалды және рухани бай тұлға болуды үйренуіміз қажет. Ал өз елінің патриоты болу үшін тарихты оқып, ата-бабаларыңыз­бен мақтана білуіңіз керек. Оларға лайықты болуға ұмтылу маңызды» деді ол оқушылармен сұхбаттасу кезінде.
Бұдан бөлек, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр №31 мектепте, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова №72 мектеп-лицейде, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев елорданың іргесіндегі Қосшы ауылындағы №2 орта мектепте қонақ болып, өздерін бір сәт мұғалімнің рөлінде сезінді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button