ЖаңалықтарЭкономика

МИНИСТРЛІКТЕР МӘЛІМДЕЙДІ

Марат Кусайынов

Марат ҚҰСАЙЫНОВ, Экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі:

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН ЖАҚСАРТАДЫ

– Жекешелендіру – бәсекелестікті арттыруға бағытталған мемлекет саясатының негізгі бағыты. Оны жүргізу тауар нарықтарында бәсекелестікті арттырады.

Бүгінде жекешелендіру бойынша тұрақты комиссия құрылды. Оның құрамында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Нұр Отан» партиясының мүшелері бар.
Үкімет қабылдаған 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жекешелендіру жоспарында квазимемлекеттік ұйымдарды бәсекелестік ортаға өткізу қарастырылған. Жалпы саны 782 ұйымды жекешелендіру қарастырылса, оның ішінде республикалық меншікте 29 ұйым және 3 нысан, коммуналдық меншік бойынша 416 ұйым бар.

Жекешелендірудің екінші толқыны нәтижесінде халыққа ұсынылатын қызмет сапасы жақсара түседі. Мемлекет пен ұлттық холдингтер, компаниялар жекешелендіру нәтижесінде инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда қосымша қаржы көздерін иеленеді. Мемлекеттік ұйымдар бейінді емес активтерден арылып, өзінің бар күшін негізгі міндеттерді орындауға жұмылдырады. Ал халық өз кезегінде бәсекелестікті дамытудың арқасында қызмет сапасының жақсаруын, олардың бағасының төмендеуін сезінеді. Бәсекелестік ортаға «Самұрық-Қазына» қоры бойынша 106 актив, «Бәйтерек» – 55», «ҚазАгро» – 32, «Парасат» – 8, «Зерде»

– 2 және әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бойынша 174 нысан берілмек.

      

     

Руслан Даленов

Руслан ДӘЛЕНОВ, Қаржы вице-министрі:

ЭЛЕКТРОНДЫ САУДА АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

– Бұл жекешелендірудің алдыңғысынан бас­ты айырмашылығы – электрондық сауда арқылы жүзеге асатын сатулардың ашықтығында. Елімізде тіркелген заңды тұлғалар 226 мыңнан асады. Соның ішінде тікелей, жанама жолмен мемлекеттің қатысуындағы заңды тұлғалар саны – 8 065. Жекешелендіру кестесіне сәйкес, 2014-2016 жылдары 853 нысан ұсынылады. Биыл жыл соңына дейін 295 кәсіпорын жеке секторға өтуі тиіс. Мақсаты айқын, аяғынан тік тұрған мұндай компаниялардың қаржылық көрсеткіштеріне тоқталсақ, қомақты соманы құрайды. Мәселен, 2013 жылдың қорытындысы бойынша осы 295 кәсіпорынның жеке капиталы жарты триллион теңгеден асқан. Осы тізімдегі 94 мекеме мемлекеттік сатып алулар бойынша 25 миллиард теңгеден астам сомаға қызмет көрсеткен.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button