Мәдениет

Моцарт мұрасы

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі классик композитор Вольфганг Амадей Моцарттың шығармашылығына арналған «Моцартиана» моноконцертін ұсынды.

Кеш бағдарламасында композитордың алуан түрлі шығармалары – «Фигароның үйлену тойы» операсына увертюра, Валторна мен оркестрге арналған №3 концерті және «Юпитер» № 41 симфониясы енгізілді.

«Фигароның үйлену тойы» әуендері 1786 жылы тұсаукесерден бастап көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген. Операның увертюрасы екпінді, көңілді және Фигаро мен басқа кейіпкерлердің бейнесіне дәл келеді.

Валторна аспабы XVIII ғасырда танымалдыққа ие болып, жетекші орынға шықты. Моцарттың шығармашылығы Венаның басқа классиктерімен қатар осы аспаптың дамуында үлкен үлес қосты. Соның ішінде валторна мен оркестрге арналған № 3 концерт композитордың жауһар туындысы саналады. Бұл шығарманы оркестрмен бірге «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, симфониялық оркестрдің бас дирижері Қалқаман Дүйсембаев орындады.

Әйгілі композитор Петр Чайковский Моцарттың № 41 симфониясын симфониялық музыка кереметтерінің біріне балады. Бұл – композитордың соңғы шығармаларының бірі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button