Шаһар шаруашылығы

Мониторинг жасалды

Елордадағы әлеуметтік тұрғын үй ретінде берілген 58 пәтерде үшінші адамның тұратындығы анықталып отыр.

[smartslider3 slider=1390]

Бұған қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мониторинг жасау арқылы көз жеткізіп отыр. Жақында ғана жүргізілген рейдтік қадағалау барысында аталған тұрғын үйлерде мүлде бөтен адамдардың да тұрып жатқаны тіркелген. Осы фактілер бойынша тиісті хабарламалар жіберіліп, орын алған кемшіліктерді таяу уақытта жою жөнінде нұсқау берілді.

2021 жылы тұрғын үй кодексінің заң талаптарына сәйкес алты мыңға тарта адам тұрғын үйге мұқтаждар тізімінен алынып тасталған. Қазір кезекте бес мыңнан аса адам тұр.

– Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының негізгі қызметінің бірі – жалға беру төлемдердеріне мониторинг жасау болып саналады. Осыған сәйкес бес келісім шарт бойынша тағы да қосымша мониторинг жүргізіліп, 115, 2 млн теңге қарыз бар екені анықталды. Бұған қоса тек қазан-қараша айында қарыз азаматтардан 48 миллион теңге өндіріліп алынған, – деді елордалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бастығы Әнуар Сайытов.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button