Жаңалықтар

Мониторингтік комиссия өз жұмысын бастады

«AMANAT» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында әлеуметтік мекемелерде, сауда үйлері мен орталықтарында бақылау комиссиясы өз жұмысын бастады.

[smartslider3 slider=3617]

Бақылау комиссияның мақсаты – қоғамның мәселелерін партия назарында ұстау. Белгілі бір нысандарға арнайы құрылған мониторингтік топтар ерекше қажеттіліктері бар адамдарға кедергісіз, тәуелсіз ортаны қалыптастыру және олар үшін инфрақұрылымның толық қолжетімділігін қамтамасыз ету, ірі, кіші сауда орталықтарында болып, азық-түлік тауарларының бағаларына сараптама жұмыстарын және т.б мәселелерге бақылау жүргізуде.

Бақылау комиссиясының ең алғашқы бастау алған нысаны – «Жастар сарайы» мәдениет орталығы болды.  Мониторинг жүргізуде негізгі талаптар ерекше қажеттіліктері бар жандарға кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Яғни бұл, ең алдымен, ғимараттарға кіруді қамтамасыз ету – сыртқы баспалдақ, пандустар, кіреберіс платформасы, кіреберіс және ішкі есіктер, есік табалдырығы мен баспалдақтар.

 Мониторингке аудан әкімі аппаратының, Нұр-Сұлтан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері, сондай-ақ партияның аудандық атқарушы хатшылары белсенді мүшелері қатысты.

Қаламыздың хал-ахуалын, тұрғындардың мәселелерін назарға алып, бақылау жұмысы өз жалғасын табуда. Орын алатын өзгерістерді тексеру мақсатында мониторинг апта сайын жүргізіліп отыратын болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button