Қоғам

Мотор майларын таңбалау бойынша пилоттық жоба аяқталды

Энергетика министрлігі «Қазақтелеком» АҚ-мен (Бірыңғай оператор) бірлесіп 2024 жылғы 1 ақпаннан 2025 жылғы 1 ақпанға дейінгі кезеңде сәйкестендіру құралдарымен мотор майларын таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жоба жүргізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Пилоттық жоба шеңберінде мотор майларының отандық өндірушілердің, импорттаушылардың, көтерме және бөлшек саудада өткізушілердің өнімдеріне сәйкестендіру құралдарын түсіру бойынша эксперименттер жүргізілді. Пилоттық жобаға қатысушылар өздерінің өндірістік процестеріне таңбалау жүйесінің интеграциясын сынау мүмкіндігіне ие болды.
Мотор майларын таңбалау тұтынушылар үшін мотор майларының шығу тегі туралы ақпараттың ашықтығы мен сенімділігін жақсартуға мүмкіндік береді, өнім айналымын бақылаудың тиімділігін арттырады, контрафактілік өнім айналымына қарсы іс-қимылға, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға ықпал етеді, сондай-ақ отандық өндірісті дамытуға және мотор майлары саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдеседі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button