Қоғам

Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік орта құру туралы семинар өтті

Елордада Астана даму орталығының ұйымдастыруымен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік орта құру туралы семинар өтті. «Инклюзивті қала мен әлеуметтік орта құру» тақырыбындағы іс-шара мақсаты – мүгедектігі бар және мобильділігі төмен топтардың инфрақұрылымдық нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша кешенді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу, Астана қаласының туристік инфрақұрлымы ұйымдарын осы бағытта дайындау.

Іс-шараға 70-тен астам ұйымдар, соның ішінде елордадағы туристік нысандар мен қонақ үйлер өкілдері қатысты. Жалпы семинар бірнеше күн ұйымдастырылып, соның аясында 4 кезеңде 200 адамды қамту көзделуде. Оларға шетелден келген тәжірибелі коучерлер тақырып аясында кең ауқымды ақпарат беріп, семинар бағдарламасы бойынша бірнеше бағытта тақырыптар көтерді. Атап айтқанда, инфрақұрылымдық нысандарға қолжетімділікті нормативтік-құқықтық реттеу негіздері, мүгедектігі бар тұлғалар үшін қолжетімді орта құру бойынща жұмыстар мен процестерге қатысушылардың өзара іс-қимылы мен қызметі, қарым-қатынас этикасы тақырыптары сөз болды.

-Бүгінгі семинардың маңызы өте зор, себебі қала бойынша расында мүгедектігі бар азаматтарға жағдай толық жасалмаған. Сол адамдардың орнына өзіңді қойып көрсең қалада қозғалу, жүру қиын. Осында алған білімді өз мекемемізге жеткізіп, тиімді пайдаланамыз деп сенеміз, – дейді Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы маркетинг бойынша инспектор Құндық Мажитова.

Семинарда мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету тәжірибесі, түрлі аурулары бар мүгедек жандарға жәрдем беру және қызмет көрсетуді ұйымдастыру технологиясы, нысандар мен пойыздарда мүгедектігі бар жандар қолданатын құралдар тақырыбы да көтерілді.

Астананы дамыту орталығы мүгедектігі бар адамдар мен мобильділігі төмен топтар үшін қолжетімді қалалық және әлеуметтік орта құру бойынша Қазақстандағы алғашқы курсты іске қосты.

2024 жылдың 2 желтоқсанынан бастап Астанада Қазақстан үшін бірегей «Мүгедектігі бар адамдар мен мобильділігі төмен топтардың қажеттіліктерін ескере отырып, халыққа қолжетімді инфрақұрылым және қызметтер бойынша Семинар» жобасы басталды. Жобаның ұйымдастырушысы-Астана қаласы әкімдігінің «Астана даму орталығы»  ЖШС.

Инклюзия-бұл физикалық және ақыл-ой кемістігі бар адамдардың қоғамдық өмірге толық қатыса алатын жағдайлар жасауға бағытталған қазіргі қоғамның негізгі элементі. Бұл жобаны іске асыру қолжетімді және инклюзивті қалалық ортаны қалыптастыру, азаматтардың барлық санаттары үшін тең мүмкіндіктер беру, сондай-ақ Астананың баршаға заманауи, жайлы және қонақжай қала ретіндегі ұстанымын нығайту жолындағы маңызды қадам болады.

Жобаны іске асыру үшін ҚР сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 2023 жылғы 14 қарашадағы бұйрығымен бекітілген ҚР СТ 3846-2023 ұлттық стандартын әзірлеген «Еуразиялық инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығы» ЗТБ сарапшылары тартылды.

Жұмыстың алғашқы күндерінде, 2-3 желтоқсанда 30 адам оқудан өтті. Астана қаласының туристік нысандары мен қонақ үйлерінің 200 маманы дайындалады. Қатысушылар ұтқырлығы төмен азаматтар үшін қолайлы және қолжетімді орта құру үшін теориялық және практикалық білім мен құралдар алады, бұл болашақта елорданың туристік тартымдылық деңгейін арттырады.

Оқыту 2 ағыны 5-6 желтоқсан;

Оқыту 3 ағыны 12-13 желтоқсан;

Оқыту 4 ағыны 17-18 желтоқсан;

Өтетін орны: Қонаев 12/1.

Байланысатын тұлға: +7 705 582 4893

Райхан Рахметова

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button