Әлеумет

«Мүгедек» емес, «мүгедектігі бар тұлға»!

Заң жобасында кемсітушілік терминдерді алып тастау көзделген. Атап айтқанда, «мүгедек» термині «мүгедектігі бар тұлға» терминімен алмастырылады. Сонымен қатар мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыға «мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасы» мәртебесі беріледі.

[smartslider3 slider=230]

«Бүгінде мұндай мәртебе жоқ. Мүгедектігі бар баланың ата-анасының біріне немесе қамқоршысына шипажайлық-курорттық емделуге тегін жолдама ұсынылатын болады. Бүгінде мұндай іс-шарада заңнамалық тұрғыда бекітілген. Сонымен қатар сырттай куәландыруды енгізуді бекіту, мүгедектігі бар тұлғаны жұмысқа орналастыру квотасын орындамаған жұмыс берушінің міндетті өтемақы төлеу тетіктерін енгізу көзделуде. Бұл заңнамада шынымен де өте көп қосымша бар және таяу уақытта үлкен қоғамдық тыңдауда, Парламентте аталған заңды таныстыратын боламыз» деді вице-министр Е.Әукенов.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button