Жаңалықтар

МҮГЕДЕКТЕРГЕ – КӨЛІК ҚЫЗМЕТІ

SmW2U7Fl5768y2kG6mx66yLJR1MweA

Астана қаласы Көлік мамандарының біліктілігі орталығында қалалық жолаушылар көлігінде мүгедек адамдар мен халықтың тұрмысы төмен топтарына қызмет көрсетудің тұсаукесері өтті.

Шараға қаладағы автобус парктерінің өкілдері, қала әкімінің мүгедектер істері жөніндегі кеңесшісі, «ДОС тәуелсіз өмір орталығы» қоғамдық қорының төрағасы Дина Ерділдінова қатысты.
Тұсаукесерде орталық қызметкерлері қатысушыларға қоғамдық көліктерге мүгедектер адамдар мен халықтың қауқары аз адамдарды мінгізіп-түсірген ретте қалай дұрыс қызмет көрсету керектігін, тасымалдаудың қауіпсіздігіне кімнің жауапты болатынын, кондуктор мен жүргізушінің қандай міндеттері бар екендігін мұқият түсіндірді.
Соңғы уақытта бағыттарға төмен сатылармен жабдықталған, жаңа, жайлы «IVEKO» автобустары жіберілген. Қазір автобус паркінің кондукторлары мен жүргізушілері Халыққа көліктік қызмет көрсету орталығында оқып жатыр. Оларға Көлік мамандарының біліктілігі орталығында арнайы жабдықталған жаднамалар таратылады.
Сондай-ақ, арбадағы мүгедекті «IVEKO» автобусына мінгізіп-түсіру тәжірибе жүзінде көрсетілді.

Айдана ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button