Жаңалықтар

Мұғалім, сізге мың алғыс!

Қоңыр күзбен ілесіп келетін айтулы күн – Ұстаздар мерекесі. Нұр-Сұлтан қаласының жоғары көлік және коммуникация колледжінде «Ұстазым – сізге мың алғыс!» атты мерекелік іс-шара өтті. Колледж директоры, саяси ғылымдарының докторы, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері директорлар кеңесінің төрағасы Зулфухар Ғайыпов білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.

Колледждің өркендеуіне, білімі мен беделінің артуына, түрлі байқауларда жоғарыдан көрінуіне ұстаздар қауымының атқарған еңбегі орасан зор. Оқу орны басшысы еліміздің болашағы ұстаздарға тікелей байланысты екенін айтып өтті. Бұл мерекемен Қарттар мерекесі қатар келуіне байланысты колледждің құрметті ардагерлерін де төл мерекелерімен құттықтады.
Мереке қарсаңында дәстүрлі марапаттау рәсімі өтті. Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен Л.Ряснова мара- патталды. Колледждің 75 жылдық медалі – А.Кәрімова мен Г.Бәзілбаеваға табысталды. Оқу орны директорының Алғыс хаты – А.Мұратқызы мен Ш.Орыноваға берілді.
Колледждің үздік кафедраларына «QR кодтты интерактивті тақтаның» сертификаттары тапсырылды. «Білім беруді жаңғырту» орталығының Алғыс хатымен Л.Матвеева, Ж.Мылтықбаева, Г.Жүнісова, С.Муравьева, М.Омарова, Л.Осташова марапатталды. 2020-2021 оқу жылында біліктілік санаттан өткен оқытушыларға куәліктер табыс етілді. Мерекелік марапаттаудан кейін ұстаздар құрметіне мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button