Sport

Мұғалімдер доп тепті

Мұғалімдер күніне орай Есіл ауданы әкімінің кубогы үшін шағын футбол жарысы өтті. 

Аудандағы мектептердің ұстаздарынан құралған командалар арасындағы бәсекеде №69 мектеп-гимназия мұғалімдерінің мерейі үстем болды. Барлық қарсыластарынан басым түскен аудан әкімі кубогын иеленді. Екінші орынға физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі, ал үшінші орынға №59 мектеп-гимназиясы командасы ие болды.
Мерекелік жарыс жеңімпаздары диплом және медальдармен марапатталды.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ 

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button